Жыл басынан бері 16 қылмыс ашылды

 ҚР ІІМ-нің бөтеннің  мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында полиция қызметкерлері 86 күзет ұйымдары мен полицияның 65 қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп 2017 жылдың басынан бері 16 қылмыстың бетін ашып, 356 құқық бұзушылықты анықтап, 19 ұрлық қылмысының жолын кесті.  

Мәселен, ағымдағы жылдың 04 тамызында таңғы сағат 04.00 шамасында Қызылорда қаласы, Журба көшесі бойында орналасқан дүкеннен дабыл түседі. Дабыл белгісі бойынша «Фархад-секьюрити» орталықтандырылған бақылау торабы операторлары жедел ден қойып, оқиға орнына күзетшілер тобын жібереді. Нәтижесінде дүкеннің сыртқы есігін бұзып жатырған жерінен 30 жастағы азамат құрықталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Ұсталған азаматқа қатысты «ұрлыққа оқталу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетерлік жайт, Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері заңды және жеке тұлғаларды мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырды. Атап айтқанда, Күзет қызметін бақылау бөлімінің есебінде тұрған 176 жеке күзет ұйымдарымен 1302 объекті күзетке алынып, 2190 жеке тұрғын үйлерге және 938 пәтерлерге автономды күзет дабыл қондырғылары орнатылды.

Күзет қызметімен айналысатын жеке күзет субъектілері арнаулы үлгідегі киіммен, байланыс құралдарымен, заманауи қондырғылармен, күзетшілердің жүруіне кедергі келтіретін шалғай бекеттерді күзетуге арналған атты бөлімше және қызметтік иттермен жарақтандырылған.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2017 г. 32 0