Теннистен шеберлік сабағы

Теннистен 2016 жылғы жастар арасында Қазақстан жеңімпазы Тимур Мауленов «Нұрсәт» теннис орталығында жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді. 

Ол жас спортшыларғаөз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың әдіс-тәсілдерін үйретті.

Оның алдағы жоспарықараша айында Египетте өтетін  халықаралық турнирге және желтоқсанда АҚШ-тың Майами қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына қатысу.

Т.Мауленов 2000 жылы дүниеге келген. Осы уақытқа дейін жастар арасында өнер көрсетіп келген спортшы биылғы жылдың шілде айында Алматы қаласында ересектер арасында сынға түсіп,Қазақстан  чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Осы жүлдесіне орай ол теннистен ҚР спорт шебері нормативін орындады. Айта кетейік, Тимур Қазақстан құрама команда сапында ең жас теннисші болғанымен, қазіргі таңда ересектер құрамасыменшеберлік байқасуда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2017 г. 79 0