Байқоңырда «Союз-2.1а» зымыранын ұшыру кейінге қалдырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-07» жүк кемесін «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен бірге жіберуге бір минут қалғанда ұшыру тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
Астана уақытымен 2017 жылдың 12 қазанында 15 сағат 32 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кемесін ұшыру барысы Роскосмос сайтында онлайн режімде жүргізілді. Ұшыру бұйрығы берілгеннен кейін кідіріс болып, сағат 15.37-де дикторлар ұшырудың резервтік датаға, 13 қазан күні осы уақытқа ауыстырылғанын хабарлады. Зымыран ұшырудың неліктен кейінге қалдырылғаны әзірге хабарланған жоқ.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2017 г. 36 0