Жалағашта 102 жоба қаржыландырылды

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатанының Жалағаш ауданындағы филиал директоры Самат Карипов аудан кәсіпкерлері алдында берген есепті кездесуде айтты.
Жыл ішінде филиал мамандары 13 кәсіпкердің құқығын қорғап, 175 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсеткен, кәсіппен айналыссам деген 655 адамға кеңес берген.
Филиал директоры мемлекеттік бағдарламалар аясында 9 айда ауданда жалпы құны 833,6 млн.теңгені құрайтын 102 жоба қаржыландырылғандығын жеткізді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 313,8 млн теңгені құрайтын 9 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 4 жоба 98,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді», - дейді Самат Карипов.
Мұнан өзге, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 27 млн.теңгені құрайтын 3 жалағаштық азаматтың жобасы несиеге қол жеткізген.
Жалағаштықтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» микронесие беру бағытын да тиімді қолдануда.Мәселен, аталмыш бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы жалпы құны 151,7 млн.теңгені құрайтын 56 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 62,9 млн.теңгеге 10 қаржыландырылған.Қаржыландырылған 66 жобаның 38 жобасы Жалағаш кентінен болса, қалған 28 жобасы ауылдық округтерден қаржыландырылып отыр.
Жалағаштықтар грант ұтып алып та кәсібін дөңгелетуде. Осы жылдың өзінде мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген байқауға ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, нәтижесіндде 10 жобаға 6 млн.140 мың теңге грант ұтып алған.
Кәсіпкерлер палатасының Жалағаш ауданы филиалының мамандары ауылдықтарға кооперативке бірігіп, іс жасауға да көмегін тигізуде. Ауданда қазір жұмыс жасап жатқан 40 кооперативтің 25-і филиалдың сүйемелдеуімен құрылған. Филиал қызметкерлері мұнымен тоқтап қалмай сол кооперативтердің жобаларының қаржыландырылуына да үлес қосуда.
Мәселен, осы жылы аудандағы Мырзабай ахун және Таң ауылдық округі тұрғындарының 24 жеке отбасы мүшелерімен  «Табыс» ауыл шаруашылық кооперативі құрылған екен.Аталмыш кооперативтегі отбасылар «50 ауыл» концепциясы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 53,8 млн теңге несиеге қол жеткізген.
Кездесуге келген кәсіпкерлер бүгінде мемлекеттік қолдауды жан-жақты сезініп жатқандықтарын айтып, алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2017 г. 44 0