ЖЕТІЛГЕН НҰСҚАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

«Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамының мәжіліс залында ұжымның әкімшілік-басқару құрамы қызметкерлері латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады. 

Латын әліпбиіне көшудің мәні мен мақсаты, оның артықшылықтары мен одан күтілетін нәтижелері туралы тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева сөз алып, ұжымның қызметкерлеріне ақпарат берді. 

Мұнан кейін акционерлік қоғамның референт-мемлекеттік тіл аудармашысы, ұжымдағы «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйым төрағасы Тұрар Сыздықов дайындалған слайдтар арқылы компания қызметкерлерін жалпы ұлттық талқылауға ұсынылған қазақ тілінің жаңа латын алфавитінің екі нұсқасымен таныстырып, әр нұсқаның кемшілік және артықшылық жақтарына тоқталып өтті. 

Ұжым қызметкерлері қазақ тілінің жаңа латын әліпбиіне көшуге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, өзара пікірталас құрып, баяндамашыларға көкейлерінде жүрген сауалдарын қою арқылы оларға қатысты тұшымды жауаптарын алды. 

Шарада қатысушыларға қазақ тілін латын графикасына көшірудің өзектілігіне қатысты тыңғылықты мәліметтер берілді. Нұрсәуле Мұсаева қызметкерлердің тіл мәселесіне бейжай қарамайтындықтарына ризашылығын жеткізді. 

Шынар БЕКБАН. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 53 0