ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ жұртына тарихи тұлғаларының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені ақиқат.  

Биыл Алашорда үкіметінің 100 жыл толуына орай, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында  «Алаш қозғалысы – Тәуелсіздік жаршысы» атты ақпарат сағаты болып өтті. Шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар қазақ ақындарының жыр шумақтарын оқыды.  

Сондай-ақ, «Тарихи тұлғалар» тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі өткізілді. 

Шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар қазақ ақындарының жыр шумақтарын оқыды. 

Алаш пен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғай алуында. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан. Әрбір азамат жүз жыл бұрынғы ұлттық идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізі екенін сезінеді. Бұл отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді. Ендеше, Алаш арыстарын ардақтау – ұрпаққа міндет.  

Құралай МАКОСОВА, 

Қызылорда облыстық зағип және  

нашар көретін азаматтарға арналған  

арнаулы кітапханасының кітапханашысы.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 64 0