Ашық есік күні

Қызылорда қаласы Гуманитарлық-Экономикалық колледж студенттері «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің оқу-жаттығу алаңында болды.
Іс-шара барысында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Зұлқарнай Салмырзаұлы колледж студенттеріне төтенше жағдай туындаған кезде және адам зардап шеккен кезде қолданылатын әр түрлі қауіпсіздік, апаттан құтқару құралдары мен құтқарушы көліктерін таныстырды
Сонымен қатар, студенттер адамдарды жер сілкінісінен кейін үйінді астынан, қар үйіндісінің арасынан жылдам таба білетін құтқарушы иттердің жаттығуларын өз иелерінің бұйрықтарын бұлжытпай орындайтынын тамашалады. Колледж студенттері осындай іс-шаралар олар үшін өте қызықты және танымды екенін айтып, алғыс білдірді.
Сондай-ақ,студенттерге Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқуға түсу және қабылдау ережелері мен білім алу шарттары туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,институттың тыныс тіршілігі туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға 13 студент және 1 мүғалім қатысты.


Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2017 г. 28 0