Байқоңырда апат болды

Байқоңыр ғарыш айлағының «Фрегат» блогына жақын жерде орын алған олқылықтар жөнделді. Ол орбитаға ұшатын анголь аппаратын жөнелту керек болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясы (ЗҒК) «Ангосат» ғарыш аппаратын ұшыруға дайындығы туралы ресми түрде хабарлады. Ол Ангола Республикасы аумағында және Африка құрлығында түгелдей телевизиялық таралым мен байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Қазіргі уақытта тасымалданған ғарыштық аппарат қаралды, сондай-ақ тасымалдау жағдайының телеметрикалық ақпаратына талдау жүргізілді. Ғарыштық аппарат «Фрегат-СБ» блогымен түйісуге дайын болған.

«Зенит-2» тасығыш-зымыран борттық жүйесінің электр сынамасы толық аяқталды. Ұшыруға жоспарлы дайындығымыз жалғасып жатыр», - деп хабарлады ЗҒК-дан.

Бұған дейін Ресейдің ақпарат құралдары «Фрегат-СБ» ұшу блогын тығыздалған газбен және тотықтырғышпен толтыру кезінде блок клапандарының бірінде ақау туындады деген мәлімет таратты.

«Энергия» ЗҒК-да бұл ақпаратты растады және мәселені шешу үшін арнайы комиссия құрыпты.

Комиссия оқыс жағдайдың себебін анықтады және оны жою бағдарламасын әзірледі. Сондай-ақ, комиссия бұдан әрі жүргізілетін жұмыстардың тәртібін анықтайды және осыған дейінгі жоспарға сәйкес белгіленген күнде ұшырылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2017 г. 56 0