І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйым­дас­ты­руы­мен, «Әдебиет порталында» онлайн түрде І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.
Аталған конкурс ҚР Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақа­ла­сында кө­терілген мәселелерді жүзе­ге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлем­дік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шет­елдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаң­ғыртудағы әдебиет­тің рөлін арттыру, жас ұр­пақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығу­шылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арт­тырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгер­лердің рөлін нығайтуды көздейді.

Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:

- проза жанры бойынша: роман, повесть – Гран-при - 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- проза: әңгіме, эссе – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге; - поэзия: поэма – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- поэзия: топтама өлеңдер – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- драматургия – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- әдеби сын – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- поэзия (балаларға арнал­ған өлеңдер) – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге;

- проза (балаларға арнал­ған прозалық шы­ғар­малар) – Гран-при – 2 млн теңге; 1 орын – 1 млн теңге.

Конкурсқа қатысуға қойы­латын талаптар мен қаты­суды ресімдеу, конкурс нәтижесін қоры­тын­ды­лау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» «Ар­найы жобалар» айдарынан егжей-тегжейлі таныса аласыз. Конкурсқа үміт­кер шығармаларды қабыл­дау мер­зімі 2017 жылғы 5-жел­тоқ­санға дейін.
Қаламы жүйрік, талғамы биік қа­лам­герлер қауымы! Рухани жаңғыруға үлес қосар сү­бе­лі туын­ды­лары­ңызды жолдауға асығы­ңыз­дар!

adebiportal.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2017 г. 62 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031