АҚШ-та алғаш рет ракқа қарсы екпе салынды

Bloomberg басылымы АҚШ-тың бір топ ғалымы адамға ракқа қарсы дербес вакцинаны салып, зерттеу жүргізгенін жазады, деп хабарлайды Baq.kz. Ракқа қарсы дәрі ойлап табу бүкіл адамзаттың ең үлкен жетістігі болары анық.
Бірегей вакцинаны алғаш рет салғызған адамның аты-жөні Гленда Кливер. Жоба Moderna Therapeutics стартапының шеңберінде қаржыландырылған.
Ғалымдар қыздың генін зерттеу арқылы, онда басқа бір өзгерістерді анықтаған. Мамандардың пікірінше, бұл мутациялар болашақта ол қызда обыр ауруы түрлерінің пайда болуына әсер етуі мүмкін.
Қазір науқастың жағдайы жақсы. Бірақ, ғалымдар Гленданы әлі бақылауда ұстап отыр.
Айта кету керек, бұл обыр дертіне қарсы жасалған алғашқы вакцина емес. 2010 жылы Dendreon компаниясы осыған ұқсас дәрі жасап шығарған болатын. Алайда ол өндірісте өте қымбат болып, өзінің нәтижесін дәлелдей алмады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2017 г. 44 0