Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "- деген болатын.

Бүгін қалалық партия филиалының мәжіліс залында депутаттық фракция мүшелері тіл мамандарының қатысуымен латын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыстарды пысықтады.

Атаулы жиынды қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов ашып,латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды.

- Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды. Ал оны қолдану заман талабы. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез-келген жаңа дүниелермен санасуға дайын болуымыз керек»,- деді Шәріп Әбдірахманов.

Сондай-аққалалық партия филиалы төрағасыныңбірінші орынбасарыреформаны насихаттау бағытындағы фракция  жұмысына тоқталып өтті.

-Қызылорда қалалық мәслихатында 19 депутат бар. Олардың барлығы «Нұр Отан» партиясы дептатық фракциясының мүшелері.Олар тіл мамандары, партия белсенділерінен жасақталған  9 ақпараттық насихаттық топтардың құрамында қалаға қарасты барлық ауылдық елді мекендерде 40 жуық түрлі кездесулер ұйымдастырып,270 мыңнан астам  тұрғындарды қамтыды. Онан бөлек БАҚ-да, әлеуметік желілерде 100 жуық  мақалалар мен посттар жарияланды. Ақпарттық жұмыстардың нәтижесінде қала халқының  75 пайызы  реформаны қолдап отыр», - деді қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.

Жиында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов сөз алып, тұғындар арасында латын қаріпіне көшу төңірегіндегі жұмыстарға күмәнмен қараушылар  үшін сананы  жағырту  бағытындағы идеологиялық  жұмыстарды күшейту  керектігін алға тарты.

Жиын соңында фракция мүшелері тіл мамандарымен ортақ пікірге келіп, ел болшағы жолындағы Елбасы шешімін іске асыруда барынша жұмыла жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2017 г. 53 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031