Қарақшылық шабуыл жасаған 4 азамат ұсталды

Қаңтар айының 2-нен 3-не қараған түні сағат 00.30 шамасында А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан ойынханалардың біріне бетперде киген бір топ белгісіз азаматтар баса-көктеп кірген. Қолындарындағы пышақтарымен ойынхана кассирін қорқытып, кассадан 220 000 теңге көлеміндегі ақшасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының «102» арнасына түскен хабарлама негізінде жедел түрде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиға орнынан 9-шы калибрлі «Стриммер» газды-травматикалық тапаншасы алынды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 18, 21 және 22 жастағы 4 азамат ұсталып, барлығы да Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қаңтар 2018 г. 39 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031