Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл жайындағы мәлімет ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аэрофлот» әуе компаниясы көктемгі-жазғы навигация маусымынан Мәскеу-Қызылорда бағытындағы жаңа әуе рейсін ашатын болады. Ресейлік компания Boing-737-800 (Airbus қосымша) түріндегі әуе кемелерін аптасына төрт рет ұшыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы әуе рейсін орындау бойынша келісу шаралары өтуде», - делінген ақпаратта.








ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2018 г. 1 406 0