АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәтижесінде ең арзан өнімдерді қала мен аудандардағы сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде нан – 50, сары май – 450, өсімдік майы – 310, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 22, картоп – 110, жуа – 80, сәбіз – 110, қырыққабат – 80, сиыр еті – 1300, тауық еті 630-670 теңгеден.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 105-110, пияз – 70-75, сәбіз – 90-95, қырыққабат – 60-65, қызылша 100-110 теңгеден сатылуда.

Арал. Арал қаласының Абай даңғылы көшесіндегі «Ер-Ай» базарында картоп – 95-110, пияз – 80-90, сәбіз – 95, қырыққабат – 70-80, қант – 200, қарақұмық жармасы – 200, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Т.Исмайлованың дүкенінде қант – 200, қарақұмық жармасы – 200-210, өсімдік майы 320 теңгеден сатылуда.

Қазалы. «Фея перизат» сауда үйінде қант – 190, арпа жармасы – 100, өсімдік майы – 330, қарақұмық жармасы – 230, картоп – 115, пияз – 80, сәбіз – 95, қырыққабат – 50, жұмыртқа – 24 теңгеден сатылса, «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде күріш – 140, өсімдік майы – 330, қант – 240, «Пиала» шайы (250 гр) – 520, макарон өнімдері – 125-140, ұнтақ жармасы – 120, қарақұмық жармасы – 200, құс еті – 630, жұмыртқа – 24, картоп – 115, сәбіз – 100, қырыққабат – 70, сары май 450 теңгеден саудаға шығарылуда.

Қармақшы. «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде ұн 1 сорт – 94-96, нан – 60, өсімдік майы – 310-390, тауық еті – 600, жұмыртқа – 23, картоп – 120-130, жуа – 80, сәбіз – 120-130, қырыққабат – 70 теңгеден, сатылуда. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында нан – 60, өсімдік майы – 315-390, ет – 1400, тауық еті – 640, жұмыртқа – 24-25, картоп – 130, жуа – 90, сәбіз – 130, қырыққабат 80 теңгеден сатылуда.

Жалағаш. «Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп – 110, пияз – 80, сәбіз – 110, қырыққабат – 70, ет – 1400, жұмыртқа – 23, «Ақниет», дүкенінде І сұрыпты бидай ұны – 86, нан – 45, өсімдік майы – 325, тауық еті – 600, жұмыртқа – 23, картоп – 110, пияз – 80, сәбіз – 110, қырыққабат – 70 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде 1 сортты ұн – 86, өсімдік майы – 320 теңгеден сатылуда.

Сырдария. «Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде І сортты бидай ұны – 94-102, нан – 50, өсімдік майы – 330-340, картоп – 115-120, пияз – 70, сәбіз – 100-110, қырыққабат – 65-70, жұмыртқа – 22-23, тауық еті – 600-630, қант-құмшекер 190-210 теңгеден сатылуда. «Бақытжан», «Нұр» және «Нұрай» дүкендерінде нан – 50, өсімдік майы – 350, картоп – 130, пияз – 70, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, жұмыртқа – 24-25, тауық еті – 650, қант 220 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында ұн 1 сұрыпты – 87, нан – 50, өсімдік майы – 350, картоп – 130, пияз – 70, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, жұмыртқа – 24, тауық еті – 650, қант 220 теңгеден тұтынушыға ұсынылуда.

Шиелі. «Ә.Шорабаев» базарында І сортты бидай ұны – 84-100, өсімдік майы – 330-370, ет – 1400, тауық еті – 580-680, жұмыртқа – 23-25, картоп – 100-120, пияз – 60-80, сәбіз – 80-100, қырыққабат – 60-80, қант – 192-220, тұз 40 теңгеден.

Жаңақорған. «Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт – 86-96, нан – 50-70, өсімдік майы – 310-400, ет – 1400, тауық еті – 600-680, жұмыртқа – 21-25, картоп – 100-120, пияз – 75-85, сәбіз – 80-110, қырыққабат 70-100 теңгеден сатылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қаңтар 2018 г. 69 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031