ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙДЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2015 жылығы 18 қыркүйектегі №166 қаулысының негізінде 6 мемелекеттік қызмет түрін көрсетеді:

1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу;

2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау;

3. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;

4. Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау;

5. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;

6. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.

Бұл қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 және №521 бұйрықтарымен бекітілген стандарттарға сәйкес тиісті құжаттардың тіркелуі арқылы көрсетіледі.

Соңғы жылдары халық арасында көбіне жоғары сұранысты талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» және «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметтері орын алып отыр.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде:

1) еркін нысандағы өтініш (өтініште міндетті түрде заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және сәйкестендіру нөмірі, географиялық координаталары: бұрыштамалық нүктелері көрсетілуі тиіс);

2) жұмыс бағдарламасымен, бекітілген барлық жобалық құжаттармен, келісулер мен сараптамалар нәтижелерімен қоса

келісімшарт жобасы – қағаз және электрондық жеткізгіштерді үш данада тапсыруыңыз қажет.

Құжаттар қабылданған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі – 15 жұмыс күні.

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде:

Өтініш Басқарма арқылы немесе электрондық портал (www.egov.kz) арқылы қабылданады.

Басқармаға тапсырылатын құжаттар:

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және сәйкестендіру нөмірі, географиялық координаталардағы құрылыс объектісінің орналасқан жері көрсетілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Порталға:

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және сәйкестендіру нөмірі, географиялық координаталардағы құрылыс объектісінің орналасқан жері көрсетіліп, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Өз кезегінде Басқармамен тиісті жұмыстар атқарылып, болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беріледі.

Құжаттар қабылданған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі – 14 жұмыс күні.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қаңтар 2018 г. 70 0