ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫ АЗАЙДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Майя Тасқынбаева мәлімдеді.
– Өткен жылмен салыстырғанда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,9-4,5%-ға төмендеді. Былтыр мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында түрлі бағыттағы 17 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Оның 5-уі жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған, – деді Майя Тасқынбаева.
Сонымен қатар, өткен жылы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, ұлттық құндылықтарымызды нығайту мен патриоттық тәрбие беру жұмыстарына, қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарды қоғамдық ортаға бейімдеуге арналған жобалар іске асты. Ал, биыл 11 әлеуметтік жоба жүзе асырылатын болады.















ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2018 г. 90 0