Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына сапары барысында мәжіліс өтті. Онда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін дамыту мәселелері туралы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев баяндады.
Биыл Әйтеке би кентінен 56 шақырым болатын 55 көшені орташа жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар «Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы» автомобиль жолын реконструкциялауға (4 жолақты жол) (0-7 км) жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Мәжілісте Қазалы қаласына көгілдір отын жеткізу мәселесі де қозғалды. Облыс әкімі бұл жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Алда Әйтеке би кентінен аудан әкімдігінің ғимараты, 600 орындық мәдениет үйі, «Жалаңтөс баһадүр» стадионын қайта жаңғырту жобалары іске аспақ. Ал Қазалы қаласы бойынша 140 орындық балабақша құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен бірге, қаладағы «Шағала» балаларды сауықтыру орталығын жаз мезгілінде ғана емес, қысы-жазы пайдалану үшін жаңа типтік демалыс орталығын салу жоспарда бар. Бұдан бөлек, қала мен кент аралығындағы 7 шақырым аймаққа жасыл белдеу ұйымдастырылмақ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2018 г. 57 0