Құтқарушылар мұз құрсауында қалған адамды құтқарды

Кеше, кешкі 17 сағат 46 минутта «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» жедел кезекшісіне Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен ескі базар жанындағы Қорқыт Ата ескерткішінің маңында белгісіз ер адам Сырдария өзенінің мұз бетіне шыққаны жөнінде хабар түсті.
Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға жедел шығып кетті. Сырдария өзенінің жағалауына жетіп, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Сырдария өзенінің сол жағалауына өтті. Онда мұз бетінде жеткіліксіз жағдайда жатқан ер адамды тапты. Құтқарушылар ер адамды қалыпқа келтіріп және арнайы құтқару тақтайшаның көмегімен жағаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен уақытылы алынған ақпараттың арқасында, адам өмірін сақтап қалды.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қаңтар 2018 г. 50 0