Ауа райына байланысты ҚТЖ қосымша 25 вагон бөлді

Боранға байланысты жиі қатынайтын бағыттарға қосымша 25 вагон бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Аса маңызды бағдарларға жолаушыларды жеткізу үшін 25 қосымша вагондар тартылды. Бір тәуліктің ішінде 4500-ге жуық жолаушы тасымалданды. Жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін барынша шұғыл шаралар жасалуда, - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.
- Ауа райына байланысты теміржол вокзалдарында қосымша орындықтар, жолаушыларға арналған демалыс бөлмелері, ана мен бала бөлмелері іске қосылмақ». 10-11 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетті. «Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе қалаларындағы теміржол бөлімшелерінде 35 қар тазалау техникасы мен 1500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметіндегілер.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі күшейтілген кесте тәртібімен жұмыс жасап жатыр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қаңтар 2018 г. 70 0