Марсқа бір реттен артық ұшу өмір үшін қауіпті

Зерттеушілер тобы Trace Gas Orbiter ғарыш аппаратының ExoMars миссия зондындағы орбита бортында орналасқан дозиметрдің мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.

Радиациялық жағдайды бағалайтын «Люлин-МО» дозиметриялық телескобы ExoMars орбита спутнигінің бортына 2016 жылы орналастырылған болатын. Қуатталған бөлшектер легінің мәліметіне сәйкес, адам Марсқа ұшқан кезде радиация әсері 0,66 зиверт көлемінде кездесетіні анықталды. Бұл адам өмірі үшін аса қауіпті. Тіпті, өлімге душар етуі мүмкін.

Радиациялардың 95%-ы – ғарыш сәулесі, ал қалған 5%-ы – күн сәулесі. Яғни косманавт бір жылға ұшқанда алған радиация әсері 73 рет рентгенге түскенмен бірдей.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қаңтар 2018 г. 46 0