Шымкенттегі тойлардың біріне 21 млн теңгенің торты дайындалды

Шымкентте олигархтардың бірі ұлының үйлену тойына салмағы 1,5 тонналық торт әзірлетіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зәулім сарай пішініндегі алып тортты Ресейдің әйгілі  кондитері Ренат Агзамов әзірлеген. Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде ұйымдастырылған тойға  дайындалған тортты көріп, белгілі асаба Тұрсынбек Қабатовтың өзі таңғалды. Ол Youtobe әлеуметтік желісіне тараған видеода «Бұл деген супер. Не деген торт мынау. Мынаның ішінде тұруға болады ғой, тіпті», - деп таңданысын жасыра алмады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2018 г. 67 0