Заңсыз ойынхана анықталды

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, заңсыз ойын орны анықталды.
Казино Қызылорда қаласының сауналарының бірінен табылды, анықтау барысында онда 532000 теңге, 600 АҚШ доллары, покер стөлі мен фишкалар және ойын картасы айналымнан алынды.

Аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке, сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қаңтар 2018 г. 584 0