Аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті

Қармақшы ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сұлтан Мақашов, қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес аудан тұрғындарының жеке өтініш-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдауда Жосалы кентінің тұрғыны А.Мурзалиеваның мемлекет тарапынан көп балалы аналарға берілетін көмекті алу жөнінде және Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны С.Шынтемірованың еңбек қатынастары мәселесі бойынша сұрақтары қойылып, тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар берілді, және заңдылықтары түсіндіріліп аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.






ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 56 0