Ақбөкендерді заңсыз аулау фактісі анықталды

10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердін жолын кесу мақсатында Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Рейдтік шара кезінде 14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданының тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында, автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен табылды.
Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінде СТТБТ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 153 0