Аудандық сот жылды қорытындылады

Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман Алиасқарұлы 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Жалпы 2017 жылдың 12 айында 81 қылмыстық іс 113 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 48 іс бойынша 63 адамға үкім шығарылған. 25 іс 39 адамға қысқартылған, 4 іс соттылығы бойынша жолданып, 4 іс прокуратураға кері қайтарылған.  Есепті кезеңде 11 жекеше қаулы қабылданған.

 Сонымен бірге, 2017  жылдың 12 айында 558 талап арыз және 24 іс түскен.

Есепті кезеңде барлығы 539 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 114 іс бойынша сот бұйрығы, 313  шешім қабылданған, 98  іс өндірістен қысқартылған, 12 іс қараусыз қалдырылған және 2 іс соттылығы бойынша жолданған.

2017  жылдың  12  айында аудандық соттың өндірісіне 309 әкімшілік  іс түскен.  Түскен  әкімшілік істердің  ішінде 294 іс 294 адамға қатысты қаралған. 9 іс  кері қайтарылып, 262 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 32 адамға қатысты  қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 67 жеке қаулы қабылданған.

Медиаторлардың қатысуымен 78 азаматтық іс, 22 қылмыстық іс, 13 әкімшілік іс қаралған.

 Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті, өткен жылдың есепті мерзімінде барлық істер 100% осы аталмыш жүйе арқылы қаралған.

 Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 558 талап арыз түскен.

 Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

                                                 Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі                                   

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2018 г. 113 0