ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АРҚЫЛЫ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ

Тікелей инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту облыс бюджетіне ауыртпашылықты біршама азайтады. Одан бөлек, бұл кәсіпкерлікті дамытудың ауқымды әлеуеті болып табылады.

Еуропалық Қайта Жаңғырту және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында:

Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аумақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды жалғастыру;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қызылорда қаласында жаңа халықаралық аэропорт терминалының құрылысы жобасы бойынша инвестицияларды тарту жұмыстарын жалғастыру;

Қызылорда қаласында 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысы жобасы бойынша инвестицияларды тарту жұмыстарын жалғастыру;

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде оңалту орталығымен 250 қабылдауға арналған емханасының құрылысын бастау;

«Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім-шартқа қол қоюды қамтамасыз ету;

«Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім-шартқа қол қоюды қамтамасыз ету;

Облыстық медицина орталығы мен Қазалы орталық аудандық аурухананы ангиографпен жарақтандыруды қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласында жол жүру ережелерін автоматты фиксация жасайтын құралды құруды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласында бейнебақылау камерасын орнатуды қамтамасыз ету;

Астана қаласында «Қазақстандық жекешелік әріптестік орталығында» мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша облыстағы 155 қызметкерді оқытуды қамтамасыз ету;

«Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы мен пайдалануға беру» жобасын іске асыру  бойынша жұмыстарды жалғастыру;

«Қызылорда қаласының «Арай» мөлтек ауданында 280 орынға арналған балабақшаның құрылысы мен пайдалануға беру» жобасын іске асыру  бойынша жұмыстарды жалғастыру;

Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру жобасын жүзеге асыру;

Қызылорда қаласының сол жағалауында емхана құрылысына қажетті құжаттарды әзірлеу;

21 жоба бойынша конкурстық құжаттамаларды әзірлеу, оның ішінде: 15 дәрігерлік амбулатория, 5 жоба медициналық техникамен кешенді қамту және Қызылорда қаласында облыстық диагностикалық орталығында «ChekUp» орталығын ашу;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Арал ауданы Бекбауыл, Қазалы ауданы Өркендеу, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекендерінде 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау;

Қызылорда қаласындағы Ішкі істер департаментінің Ақсай полиция бөлімі ғимаратының құрылысына қажетті құжаттарды әзірлеу.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 594 0