Облыстық балалар ауруханасында "Тұзды шахта" ашылды

Тұзды бөлме-«vital air room»-тірі ауа бөлмесі деген мағынаны білдіреді немесе тұзды бөлме, галопалата деп те атайды. Бұлай аталуының негізі-тұзды аэрозолдың емдік қасиеті. Тұзды бөлменің ылғалдылығы, барометрлік қысымы бірқалыпты деңгейде болады. Тыныс алу арқылы тұздың микро бөлшектері қанға түсіп, қандағы гистаминнің деңгейін бірқалыпты, ақуыз-көмірсу алмасуының деңгейін бірқалыпты етеді. Тыныс жүйесіне, бронх ағаштары арқылы микротұздар ену нәтижесінде
• иммуномодуляцияның
• бронхдренажды
• қабынуға қарсы
• антибактериалды әсер етеді
Галокамерада емдік сауықтыру-5-15 күннен 30 минут. 5 күннен кейін қайталауға болады.
Қолданылуы: стрессті жағдай, депрессия, созылмалы шаршағыштық синдромы, фобия, аллергиялық аурулар, поллиноздар, жедел респираторлық инфекцияның алдан алу, тұмау, тері аурулары-экзема нейродермит, псориаз, розацея, косметологиялық ем шараларда. Тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында, жедел және созылмалы риниттерде, ларингитте, фарингитте, трахеитте, синуситте, аденоидтарда. Бронх өкпелік шаң тозаңдық ауруларда, вегето тамырлық дистонияда, невроздарда. Қан қысымы жоғарылауының I-II дәрежесінде, гипотонияда.
Тыныс жолдарының спецификалық емес ауруларында:созылмалы обструктивті, обструктивті емес бронхиттерде, пневмония, бронхоспазм синдромымен жүретін бронхитте, тыныс демікпесінің өршу және жазылу сатысында.
• Өкпенің және тыныс жолдарының туберкулезінде.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 343 0