«Нұр Отан» партиясы әлеуметтік желіде тараған суретке қатысты түсініктеме берді

 «Нұр Отан» партиясының өкілдері әлеуметтік желіде тараған ұстаздардың партия қатарына өтуге мәжбүрленгені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жазды. Бұл туралы партияның фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. 

«Әлеуметтік желіде «ұстаздардың «Нұр Отан» партиясы мүшелігіне өтуге міндеттелгені» туралы ақпарат тарауда. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы ресми түрде, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні мәлімдейді. Партияға өту әр азаматтың өз қалауы мен еркі болып табылады. Егер партияға өтуді міндеттеген деректер туралы білетіндер болса, ол туралы жасырын жағдайдағы құқық негізінде 8 -7172-707-706 телефонына хабарласуын немесе press@nurotan.kz поштасына жазып жіберулерін өтінеміз»,-делінген хабарламада.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 478 0