АДВОКАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ КЕҢЕЙТІЛДІ

Қызылорда облысының Әділет Департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық адвокатар алқасының мәжіліс залында 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын адвокаттар мен құқық қорғау органдары өкілдерімен пікір алмасу және азаматтарға аталған нормалардың тәжірибеде және қоғамдық қатынастарда беретін мүмкіндіктерін жеткізу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға адвокаттар, мүдделі мемлекеттік органдар, соттар, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Аталған Заңда адвокаттың процестік мүмкіндіктері кеңейтілген. Атап айтқанда, бүгінде заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап етіп алу бойынша адвокаттың өкілеттілігі кеңейтілген. Адвокат тергеу судьясына тікелей өтінішхатпен жүгіне алады. Қолданыстағы Қылмыстық Процестік Кодексінің талаптарына сәйкес адвокат егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса немесе заңда көзделген мерзімде ол бойынша шешім қабылдамаса тергеу судьясының кез келген мәліметтерді, құжаттарды алуға, сараптама тағайындатуға құқылы.
Сондай-ақ адвокаттың өкілеттілігі өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеу құқығы да кеңейтілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 361 0