Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылордада жаңа балабақша ашылды Қызылорда. Қызылорда қаласында жыл соңына дейін мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің 73 пайызы балабақшамен қамтылатын болады. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев мәлімдеді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қалада бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Жақында қаланың «Шанхай» мөлтек ауданында жаңа балабақша ашылды. Балдырғандар отауы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Оған республикалық бюджеттен 352 млн. теңге бөлінді. «Сыр жұлдызы» атауына ие болған балабақшаның бір ерекшелігі – онда көзі нашар көретін өрендерге арналған арнайы топ жұмыс жасайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қазан 2013 г. 1 024 0