Жерлестеріміз жетінші орыннан көрінді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 октябрь 2013 ж. - 16:41 | Көрудің саны: 436
Жерлестеріміз жетінші орыннан көріндіШымкент. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында республикалық «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары мәресіне жетті. Үстіміздегі жылы бесінші мәрте жалауын көтерген байрақты бәсекеде еліміздің барлық өңірінен келген 1500-ден астам адам спорттың 12 түрінен күш сынасты.
Ауыл спорт ойындары алғаш рет 1998 жылы Астана қаласында өткізілген еді. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес салауатты өмір салтын серік еткен азаматтар шеберлік көрсетеді. Спорт ойындары бағдарламасында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол (жігіттер мен қыздар), қол күресі, гір көтеру, көкпар, аламан бәйге 21 шақырым, бәйге 11 шақырым, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу бар.
Биылғы жылы аударыспақтан 70 келі салмақта жаңақорғандық Пазылхан Өміртаев пен теңге ілуден сырдариялық Жарқынбек Алмағанбетов қола жүлдегер атанды. Шағын-футболда жерлестеріміз екінші орын алды. Төрт жыл бұрын қызылордалықтар небәрі жетінші орынды қанағат тұтқан еді. Қызылорда облысының командасында Жаңақорған ауданынан Ерлан Әптаев, Абдулла Алайдаров, Азамат Омаров, Қазалы ауданынан Дархан Ысқақов, Жандос Нәбиев, Олжас Орынбеков, Шиелі ауданынан Пазылбек Бекпанов, Абылай Серікбаев, Ернар Кенжалиев ойын көрсетті. Қазақ күресінде біздің балуандар 16 ұпаймен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Атап айтсақ, 70 келіде Ғалымжан Әбдірахманов чемпион атанса, Бауыржан Райысов (60 келі), Нұрым Сәлімгереев (90 келі) пен Марат Баймаханов (90 келіден жоғары) күміс жүлдегер болды.
Спорт ойындарының қорытындысы бойынша біздің облыс жалпыкомандалық есепте жетінші орын алды. Естеріңізге сала кетелік, 2009 жылы жерлестеріміз Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавлда 11орынды місе тұтуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін мемлекеттік және ведомство...
ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Мәнерлеп сырғанау. Белоруссия астанасы Минск қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің...
Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Үстіміздегі жылдың 19-27 қазаны аралығында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі...
«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Кеше орталық стадионда Қызылорданың «Қайсары» Алматы облысының «Іле-Сәулет»...
Пікір: