Сырдариялық хоккейшілер жеңімпаз болды

Сырдариялық хоккейшілер жеңімпаз болдыСырдария. Аудан орталығында көгалдағы хоккейден жігіттер мен қыздар арасында Қазақстан біріншілігінің үшінші және төртінші айналымдары болды.
Ел біріншілігінде Сырдария ауданының жігіттер командасы жақсы ойын көрсетті. Қазір 72 ұпаймен көш бастап тұр. Олардан кейінгі орында Алматы және, Батыс Қазақстан облысы хоккейшілері келеді. Қыздар арасында да сырдариялық спортшылар да ешкімге дес берер емес. Олардың еншісінде 42 ұпай бар. Үздік үштікте Алматы, Батыс Қазақстан облыстары келеді.
Үстіміздегі жылдың 7-16 желтоқсаны аралығында Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында жігіттер мен қыздар арасында болатын индорхоккейден біріншілігі болады. Біздің команданы жарысқа еңбек сіңірген жаттықтырушы Сұлтан Қобландин дайындады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қазан 2013 г. 366 0