ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ұрпақтар сабақтастығы» («Времен связущая нить») қайырымдылық жобасы біздің Қызылордаға жетті. 
Бұған дейін еліміздің 18 шаһарын аралаған жоба бойынша 28 қазан сағат 18:30-да Н.Бекежанов атындағы драма театрында концерт өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тимур Урманчеев (фортепиано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Astana Opera» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші әншісі Сүндет Байғожин (баритон), Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, халықаралық конкурстар лауреаты Меир Байнештің (тенор) қатысуымен өтетін өнер кешінде тыңдаушыларға қазақ, орыс және еуропалық классиканың жауһар туындылары ұсынылады.
Концертке кіру тегін.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 22 қазан 2013 г. 455 0