Заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қойылды

Заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қойылдыҚызылорда. Бүгінгі күнге дейін облыста 40 онлайн-казинолары жабылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдануда. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде сот қаулысымен 6 тұлға онлайн-казино ұйымдастырып, өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың иелігіндегі компьютерлер мемлекет пайдасына тәркіленсе, 2 дерек бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қалған деректер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, онлайн-казино иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, онлайн-казино сайттарын жабу жөнінде сотқа талап арыздар енгізілді. Қазіргі таңда бұл талап арыздар қаралып жатыр.
Айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 269-1 бабына сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастыруға үй-жайлар беру үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан, прокуратура қызметкерлері ойын бизнесін ұйымдастыруға үй-жайлар берген тұлғаларға қатысты заңмен көзделген шаралар қолданылатынын халықтың есіне салады. Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2013 г. 641 0