Үздік педагог атанды

Үздік педагог атанды

Жалағаш. Ауданның М.Шәменов атындағы ауылындағы №34 Ә.Бердәулетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсаева Сәбира жақында республикалық «Үздік педагог-2013» конкурсының жеңімпазы атанды.

Аталмыш байқауға республикамыз бойынша 5 мыңнан астам мұғалім қатысқан. Олардың арасынан 165 мұғалім іріктеліп алынған. Сол ұстаздар ішінен 48-і конкурс жеңімпазына лайықты деп саналды. Еліміздің білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» төсбелгісін жеңімпаздарға табыс етті.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2013 г. 653 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031