Облыста ана өлімі 30 пайызға азайды

Облыста ана өлімі 30 пайызға азайдыОблыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітіліп, оған облыс қазынасынан қосымша 4,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. 
Соңғы 2 жылда облысымызда ана өлімінің көрсеткішінің 30,0% және сәбилер өлімінің көрсеткіші – 27,0% төмендеді. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, соңғы 3 жылда өңірімізде 39 медициналық объектілер пайдалануға берілсе, биылғы жылы 18 жаңа нысанды халық игілігіне беру жоспарланып отыр. 
Жаңадан ашылып отырған перинаталды орталық – облыстағы ана мен балаға көмек көрсететін барлық емдеу -алдын алу ұйымдарының - емдеу-сауықтыру және ұйымдастыру-методикалық бағыттағы ең ірі үйлестіруші ұйым болады. Бұл жерде мамандар даярлауға, тәжірибе алмасуға жол ашылады. Осы орталық үшін арнайы 14 неонатолог, 7 реаниматор мамандар оқытылып, әзірленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 шілде 2014 г. 370 0