Қызылордадағы жүргіншілер жолдары жөнделді

Қызылордадағы жүргіншілер жолдары жөнделдіБиыл Қызылорда қаласында 11 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан баспасөз турында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары хабарлады.
Биыл қала аумағында жалпы ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 11 көшенің жаяу жүргінші жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 250 млн.теңге бөлінді. Атап айтқанда, қаладағы М. Шоқай, Д. Қонаев, Сүлейменов, Әуезов, Қазыбек би, Толыбеков, Төлебаев, Әбуов, Панфилов, Қашаубаев, Жақаев көшелері биыл жаяу жүргіншілер жолдарымен қамтылатын болады. Бүгінде жұмыстардың басым бөлігі атқарылды. Мердігер мекеме – «Анкема» ЖШС.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2014 г. 285 0