Дін тақырыбында әңгіме өрбітті

Жаңақорған. Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын көтеру және діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық татулықты нығайту мақсатында бекітілген кестеге сай кездесулер өткізді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанынан құрылған үгіт-насихат тобы, ауданның бас имамы және өзге де мамандар жергілікті жұртпен жүздесті. Аудан орталығындағы «Ордакент» ардагерлер үйінде көпшілікке дін тақырыбында келелі әңгімелер айтылды. Мектепте білім алып жүрген өрендер де аталмыш тақырып бойынша білімдерін толықтырды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2013 г. 617 0