Қала бюджетінің кіріс бөлігі орындалды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 30 октябрь 2013 ж. - 15:00 | Көрудің саны: 345
Қызылорда. Қала бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық қаржы бөлімінің басшысы Айдарбек Жұматов хабарлады.
Қала бюджетінің  кіріс бөлігі (жоспар 25918,5 млн. теңге)  27780,1 млн.теңгеге (107,2 пайызға) орындалып, қала бюджетіне 1861,5 млн.теңге артығымен  түскен. Оның ішінде қаланың 5820,3 млн.теңге өз кірістері жоспары, 7681,5 млн.теңгеге  немесе 132 пайызға орындалған. Жоғары бюджеттен түсетін 18782,5 млн. теңге трансферттер түсімдері 100 пайыз  түскен. Жоғары  бюджеттен  берілетін қарыздар түсімдері 100 пайызға орындалып, 1315,7 млн.теңге  түскен. Халық қажеттілігі үшін бюджет қаражатының тиімді, өз мақсатына жұмсалуына әр мекеменің бірінші басшысының тікелей жауапкершілікте болатындығын баса айтқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына қаржының уақытылы әрі сапалы игерілуін қатаң тапсырды.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Кәсіпкерлерге арналған семинар

Кәсіпкерлерге арналған семинар

Қызылорда. Қала әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдау, осы...
ҚАЛА АУМАҒЫ КЕҢЕЙЕ ТYСТІ

ҚАЛА АУМАҒЫ КЕҢЕЙЕ ТYСТІ

Сейсенбіде облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясы болды. Оған облыс әкімі...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

Елбасының ұдайы атап көрсетіп жүргеніндей, қазіргі таңда экономиканың барлық...
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол...
ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ БАСЫ ӨСIП КЕЛЕДI

ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ БАСЫ ӨСIП КЕЛЕДI

Қызылорда қаласында «Сыбаға» бағдарламасы өз деңгейінде орындалуда. Бұл жөнінде...
САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

Жиында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Ахметов ауыл шаруашылығы...
Пікір: