Айлық семинар аяқталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 31 октябрь 2013 ж. - 14:48 | Көрудің саны: 366
Айлық семинар аяқталдыАрал. Аудандық орталық мешітте осыдан бір ай бұрын өңірлік имамдар мен молдалардың білімін жетілдіру мақсатында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес оқыту семинары басталған болатын. Бір ай бойы «Нұр Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің магистранты Ақан Асанов және Сексеуіл кентінің имамы Алпамыс Ізбасқанов өңіріміздегі имамдар мен молдаларға Құран, Ақида, Фиқһ пәндерінен сабақ өтті. 
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, айлық семинар өз мәресіне жетіп, имамдар бір айда алған білімдерінің нәтижесін көрсетті. Осы кезге дейін алған сабақтарының қорытындысы ретінде дін өкілдері сынақ тапсырды. Нәтижесінде он тоғыз діни қызметкердің алтауы өте жақсы деген нәтижеге қол жеткізсе, сегізі жақсы деген бағаны көрсетті, ал, бесеуі қанағаттанарлық деген бағаны місе тұтты. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында «Аудан көлемінде 2013-жылдың...
Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Арал. Қалалық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен...
Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52...
БАРЛЫҒЫ ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БАРЛЫҒЫ ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кеше «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті Асхат Акчурин...
ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Сейсенбі күні таңертеңгі сағат сегіз жарымда еліміздің өзге өңірлері сияқты...
ИМАМДАР БIЛIМIН ЖЕТIЛДIРЕТIН БОЛДЫ

ИМАМДАР БIЛIМIН ЖЕТIЛДIРЕТIН БОЛДЫ

Арал аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық орталық мешітте...
Пікір: