Білімге салынған қаржы артып келеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 04 қараша 2013 ж. - 15:37 | Көрудің саны: 431
Қызылорда. Облыс орталығында соңғы үш жылда білім саласына салынған қаржы 20,1 пайызға артты. Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен тұрақты кеңес отырысында қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев жасаған хабарламасында тілге тиек етті. 
Отырыс барысында сала басшысы «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының» Қызылорда қаласында орындалу барысы туралы айтып өтті. 2011 жылы білім саласына 7 млрд.412 млн.772 мың теңге салынса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 20,1 пайызға артып, 9 млрд.736 млн. 702 мың теңгеге жеткен. Биыл қалада білім саласында жұмыс жасайтын педагогтардың да саны да артты. Мәселен, 2010 жылы 5065 педагог маман балаларға білім берсе, биыл бұл көрсеткіш 5622-ні құрауда. Сондай-ақ, М. Аралбаев 2013-2014 оқу жылында  жалпы білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 163 407, 0 мың теңге қаржы бөлініп, барлығы 249841 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынғандығын да жеткізді. Отырыс барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшысына балалардың білім сапасы мен көрсеткіштерін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді жүктеді.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылордада жұмыссыздық төмендеп келеді

Қызылордада жұмыссыздық төмендеп келеді

Қызылорда. Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық экономика және...
БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
Қала бюджетінің кіріс бөлігі орындалды

Қала бюджетінің кіріс бөлігі орындалды

Қызылорда. Қала бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды Бұл жөнінде қала...
ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

Бейсенбіде Қызылорда қаласында 320 орындық «Шұғыла 2» балабақшасы ашылды. Салтанатты...
Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылорда. Қызылорда қаласында жыл соңына дейін мектепке дейінгі жастағы...
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол...
Пікір: