Қызылордада ана мен бала өлімі көрсеткіші азайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 08 қараша 2014 ж. - 10:28 | Көрудің саны: 624
Қызылордада ана мен бала  өлімі көрсеткіші азайдыБұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Біз облыстың денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін қамтитын «2013-2014 жылдарға  арналған Жол картасы» бекітіп, тиісті қаражаттарын бөлдік. Ана мен бала денсаулығын нығайту, олардың өлім көрсеткіштерінің нақты себептеріне талдаулар жасап, жоспарлы жұмыстарды қоя білдік. Яғни, санитарлық авиация бригадаларын, аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерін гинеколог, анестезиолог, неонатолог мамандарымен толықтыруға күш салып, жаңа  туылған нәрестелерге көмек көрсететін 14 неонатолог маманды қайта оқыттық.  Түрлі критикалық жағдайларға байланысты, республикалық ғылыми орталықтар мамандарымен байланыс орнататын жедел желі іске қосылды», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, соңғы  үш жылда ана өлімінің көрсеткіші 32,9 пайызға, сәби өлімінің көрсеткіші 19,6 пайызға төмендеді. 

Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылордада жедел жәрдем көлігі көбейді

Қызылордада жедел жәрдем көлігі көбейді

Жедел және кезек күттірмейтін дәрігерлік көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында...
Облыста ана өлімі 30 пайызға азайды

Облыста ана өлімі 30 пайызға азайды

Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған «Жол...
Қызылордада ана мен бала орталығы ашылды

Қызылордада ана мен бала орталығы ашылды

Астана күні қарсаңында Қызылордада 200 төсекке арналған облыстық перинаталдық...
САПАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ДЕРТТЕН ДЕР КЕЗІНДЕ АРЫЛТАДЫ

САПАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ДЕРТТЕН ДЕР КЕЗІНДЕ АРЫЛТАДЫ

Елбасы Жолдауында айтылғандай, тұрғындар саулығын сақтау мақсатында елімізде ауқымды...
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Облыстың денсаулық сақтау  ұйымдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау...
ХАЛЫҚ  ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАНАТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАНАТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Баспасөз орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков...
Пікір: