Оралмандарды бейiмдеуге мән берілді

Шиелі. Ауданда оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталығын үйлестiру мамандары болып қайтты. Олар жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, бірқатар мәселелер бойынша кеңестерін берді.
Аталмыш орталық үстіміздегі жылдың сәуiр айынан жұмысын бастады. Бұл орын біздің өңірге алыс және жақын шет елдерден ата қонысына көшiп келген қандас бауырларды қоғамдық ортаға бейiмдеу және ықпалдастыру мақсатында жұмыс жасайды. Сол бағытта облыстық көшi-қон полициясы департаментi, облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы және облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2013 г. 331 0