«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 31 желтоқсан 2014 ж. - 08:03 | Көрудің саны: 504
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар жүрдек пойызын жолға шығарды. 29 желтоқсан күні Астана қаласынан шыққан пойыз 22 сағат 25 минутта Қызылорда қаласына келді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған сырбойлылықтар жүрдек пойыздың алғашқы жолаушыларын үлкен қошеметпен қарсы алды.
– Елбасы көлік инфрақұрылымына аса үлкен мән беріп отыр. «Жезқазған – Сексеуіл» темір жолы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің салынуы осы сөзіміздің дәлелі. Бүгін Астанадан Қызылордаға алғаш рет келіп жатқан жүрдек пойыз жолаушылардың 12 сағатын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
23 вагоннан тұратын пойыз 4 күнде 1 рет қатынайды.  Алдағы уақытта күнара жүреді. Оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 ресторан және 3 техникалық вагон бар. Пойыз Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды.
Билетті ерте сатып алғандарға және тұрақты жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Елорда төрінен бір күнде жеткен жолаушылар пойызда барлық жағдай жасалғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылорда-Семей бағытындағы пойызда 1 миллион теңге ұрланды

Қызылорда-Семей бағытындағы пойызда 1 миллион теңге ұрланды

Жамбыл облысының 20 жастағы екі тұрғыны пойыз тоқтаған кезде жолаушылардың сөмкесіне...
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттері арзандайды

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттері арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 14 қарашадан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге...
Астана-Қызылорда бағытына жаңа жүрдек пойыз шығады

Астана-Қызылорда бағытына жаңа жүрдек пойыз шығады

Бүгінде «Тальго» жүрдек пойыздары еліміз бойынша жеті бағытта жүреді. Жыл соңына...
ЕЛОРДАҒА БІР-АҚ КҮНДЕ БАРАСЫЗ

ЕЛОРДАҒА БІР-АҚ КҮНДЕ БАРАСЫЗ

Биыл ел аумағында 5 жүрдек жолаушылар пойызы жолға шығады. Ол Астана-Қызылорда,...
Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

Астана. Алдағы жылы Қазақстанда бес жүрдек теміржол бағытын іске қосу жоспарланып...
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Сәрсенбіде облыс орталығынан «Қызылорда-Семей» және кері бағытқа қатынайтын қосымша...
Пікір: