Өрт шығыны – 133 млн. теңге

Өрт шығыны – 133 млн. теңге Қызылорда.Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс көлемінде 390 өрт оқиғасы тіркеліп, өрттен  келген материалдық шығын 260 млн. теңгеден асты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғалар салдарынан 6 адам қаза болып, 14 адам жарақат алған.

Оның басым бөлігі, дәлірек айтқанда, 133 млн. теңгеден астам шығын келтірген 274 өрт жеке үйлерде орын алған. Өткен жылмен салыстырғанда өрт оқиғалары 11,9 пайызға төмендеп, адам өлімі 57,1 пайызға кеміген. «Тілсіз жаудың» шығуының басты себептері ретінде электр жабдықтары, қондырғылары, желілерін құру, пайдалану ережесінің бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, отты пайдаланудағы аңғалдық секілді жағдайлар саналады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2013 г. 340 0