Аула клубтарының белсенділігі артты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 12 қараша 2013 ж. - 22:30 | Көрудің саны: 505

Аула клубтарының белсенділігі артты Қызылорда. Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап «Қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда. 

Әлеуметтік қызметті жүзеге асыруға 2 млн. 844 мың теңге бөлінді.  Есепті кезеңде қаладағы «Достық», «Шаттық», «Самғау», «Жұлдыз» аула клубтарында 31 спорттық, шығармашылық, мәдени-көпшілік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоба аясында қала орталығында жаңадан 4 аула клубы ашылды. Атап айтар болсақ, «Титов» мөлтек ауданында «Шаттық», «Ақмешіт» мөлтек ауданында «Самғау», «1001 ұсақ-түйек» мөлтек ауданында «Достық» және «Тасбөгет» кентінде «Жұлдыз» аула клубтары тұсауын кескен. Аталмыш аула клуб мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық бағытта түрлі 25 жарыс (шағын-футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы) өткізілді. «Менің – аула клубым»,  «Астана – бала көзімен», «Жастар – салауатты өмір үшін», «EXPO - 2017», «Менің Қазақстаным»,  «Тұғыры биік - Астана», «Атамекен» тақырыптарында жас суретшілердің 8 көрмесі сонымен қатар, қазіргі заман биі бағыты бойынша 6 би байқауы ұйымдастырылды. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЕЛІМЕН БІРТҰТАС ТУҒАН ЕР

ЕЛІМЕН БІРТҰТАС ТУҒАН ЕР

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске...
Ақсуатта шағын зауыт ашылды

Ақсуатта шағын зауыт ашылды

Қызылорда. Қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінде «Бизнестің жол картасы-2020»...
Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылорда. Қызылорда қаласында жыл соңына дейін мектепке дейінгі жастағы...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін мемлекеттік және ведомство...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі...
ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын насихаттау тұрақты дәстүрге айналды. Әсіресе...
Пікір: