Аудан орталығы жарықтандырылып жатыр

Арал. Аудан орталығын жарықтандыру мәселесіне мән беріліп отыр. Бұл жаңалық аудан әкімі Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен тұрақты кеңесте мәлім етілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін қаладағы маңызды деген 12 көше соңғы үлгідегі жарықтармен қамтамасыз етілген. Жалпы 535 дана бағаналар әкелінген болса, соның бүгінде 500-ге жуығы орнатылған. Аудан әкімі сапалы түрде жұмыс жасау керектігін және қаржының уақытылы игерілуін бөлім басшысына тапсырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2013 г. 397 0