Қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 27 ноябрь 2013 ж. - 18:57 | Көрудің саны: 378
Үстіміздегі жылдың 12 қарашасында Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» шағын ауданындағы Саламатов көшесі бойында орын тепкен «Гелиос» жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Бұл жөнінде бізге облыстық прокуратурасының екінші басқарма аға прокуроры Ерлан Бегімбаев хабарлады.  
Сол күні сағат 04:40 шамасында аталмыш май құю бекетіне беттеріне бет перде киіп алған белгісіз екі азамат кіріп келеді. Олар аталған бекеттің кассаның қасында үстел үстінде қорапқа салынған 780 мың теңгеден астам ақшаны алып, қашып кетпекші болады. Сол сәтте алдарынан шыққан сол бекеттің кассирі И.Нұртазаев шығып, қарақшылық шабуыл жасаушылар оның кеуде тұсынан белгісіз атыс қаруымен атқан. Нәтижесінде соңғы алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ІІБ-мен ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармағымен (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы қарақшылықпен ұштасқан кісі өлтіру), 179-бабының 2-бөлігінің «а,г» тармақтарымен (адамдар тобының аладын ала сөз байласу бойынша қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған. Бүгін, яғни 27.11.2013 жылы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған аса ауыр санаттағы қылмысқа қатысы бар деген негізбен сезікті 3 адам ұсталды. Олардың аталған қылмысқа қатыстылығы тергеу барысында жинақталған нақты дәлелдемелермен бекітілген. Іс бойынша айғақ заттар алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

Қармақшы аудандық прокуратурасының аға тергеушісі Бәкішев, сезікті кісі қатарында...
ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

Облыстық тәртіптік кеңестің оныншы отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе...
ҚАПИЯДА ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР

ҚАПИЯДА ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР

Қараша айының 12-ші жұлдызында таңғы сағат 4-тен 40 минут кеткен шамада облыс...
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ СҰРАУСЫЗ ЕМЕС

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ СҰРАУСЫЗ ЕМЕС

Елімізде жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар көптеген күрделі мәселелердің...
КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕР ПРОКУРОР САНКЦИЯСЫНСЫЗ АЛЫНҒАН

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕР ПРОКУРОР САНКЦИЯСЫНСЫЗ АЛЫНҒАН

Қызылорда қалалық прокуратурасы өткен 9 айда қылмыстық ізге түсу органдарының...
Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52...
Пікір: