С.Торайғыров көшесі қайта жаңғыртудан өтті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР | 19 қыркүйек 2015 ж. - 10:01 | Көрудің саны: 229

С.Торайғыров көшесі қайта жаңғыртудан өттіҚала күні қарсаңында С.Торайғыров көшесі қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Енді шет аймақтың тұрғындары орталыққа кептеліссіз жетуіне мүмкіндік туып отыр. Шараға аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат Шанхай, Гагарин, Титов, Коммунизм мөлтек аудандарында жол кептелісін, жол көлік оқиғаларының алдын алу және қаланың шет аймақтарының инфрақұрылымын жаңғырту болып табылады.

С. Торайғыров көшесіне Қорқыт ата көшесінен Хон Бне До көшесіне дейінгі аралықта жалпы ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын қайта жаңғырту жұмыстары жобасының жалпы құны 1 млрд. 142 млн. 272 мың теңгені құрады.

Жол құрылысы технологияларының соңғы үлгісімен салынған бұл көшенің екі бетінен, осы аумақтың тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ені 3 метр, ұзындығы 9 мың 600 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы және жаңы үлгідегі аялдамалар мен жарықшамдар орнатылған.

- Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде «Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» - деп, қаймағы бұзылмаған қазақ елінің қарыштап дамуы елдің бірлігі мен тыныштығында, дәулеті мен ынтымағында деп айтқан болатын. Жаңа көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтататын көрікті орындардың бірі бола берсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, биыл облыс орталығында ұзындығы 51,2 шақырымды құрайтын 69 көше құрылысына 1 млрд. 655,8 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүруде. Ал соңғы үш жылдың бедерінде 244 көше күрделі, 175 көше ағымдағы жөндеуден өтті.

Мұнан соң қаладағы сенбілік жұмыстарын аралап көрді. Темір жол вокзалындағы Жаңқожа батыр ескерткіші жанына аймақ басшысы бастаған топ боз арша талын отырғызды.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қызылордада 14 көше жарықтандырылады

Қызылордада 14 көше жарықтандырылады

Биылғы жылы Қызылорда қаласында облыстық бюджеттен бөлінген...
Қызылордада балалар ауылы салынып жатыр

Қызылордада балалар ауылы салынып жатыр

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды...
Қызылордада 3 жылда жол жөндеуге 7 млрд қаржы бөлінді

Қызылордада 3 жылда жол жөндеуге 7 млрд қаржы бөлінді

Облыс бойынша ауылішілік көшелердің жалпы ұзындығы 2072 шақырымды құрайды. 2011-2014...
Қалада абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Қалада абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Бұл жөнінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен Қызылорда қаласының перспективалық...
Қаланың коммуналдық шаруашылығына қыруар қаржы бөлінді

Қаланың коммуналдық шаруашылығына қыруар қаржы бөлінді

Қызылорда қаласында бюджеттен бөлінген қаржының үштен бір бөлігі коммуналдық...
БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ – САПАЛЫ ЖҰМЫС

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ – САПАЛЫ ЖҰМЫС

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығында қайта жаңғыртудан...
Пікір: