Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2004 жылмен салыстырғанда шамамен 100 мың адамға артқан.

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Ербол Орынбаев мәлiмдедi.  «Демографиялық өсiмнiң артуы 2013 жылдың «драйверiнiң» бiрi болатын. 2005 жылы басталған туу көрсеткiшiндегi серпiлiс әлi де жалғасуда. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, ол 2016 жылға дейiн жалғасады. Мысалы, 2004 жылы 270 мың сәби дүниеге келсе, ал 2005 жылы - 279 мың, 2006 жылы - 302 мың, 2007 жылы - 322 мың бала дүниеге келдi. Ал 2011 жылы 372 мың бала туып, 2004 жылғы көрсеткiштен шамамен 100 мың адамға артты», - дедi Е.Орынбаев. Вице-министрдiң айтуынша, туу көрсеткiшiнiң артып жатқанын есепке алып, келешекте еңбек нарығында проблема туындамаудың алдын алу қажет. «2004-2005 жылдары дүниеге келгендер қазiр 8-9 жас шамасында. Бұл «Балапан» бағларламасы, мектепке дейнгi бiлiм беру бағларламасына және денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға деген сұранысты тудыратындар. 90- жылдары туу көрсеткiшiнде дағдарыс болғандықтан, қазiр еңбек нарығындағы жағдай әлдеқайда қолайлы» - дедi ол. «Қазақстан-2050» құжатында Назарбаев денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік маңызы бар іс екенен ерекше тілге тиек етіп, «Саламатты Қазақстан» бағдарламысы аясында бала мен ананың жағдайы үшін жүйелі көмек берілсін, - деген еді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2013 г. 395 0